Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

ҚМУ-да ұжымдық шартқа қол қойылды

Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінде 2016 жылдың 31-ші тамызында 2016-2019 жылдарға арналған ұжымдық шартқа қол қойылды.

 

Ұжымдық шарт жұмыс беруші мен жұмыскерлердің арасында, жұмыскерлердің әлеуметтік-еңбек құқықтары мен кәсіби мүдделерін қорғау, сондай-ақ жұмыскерлер үшін қосымша әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және кәсіби кепілдіктер, жеңілдіктер мен басымдылықтарды анықтау, оларға еңбектің анағұрлым қолайлы жағдайларын жасау бойынша жұмыскерлер мен жұмыс берушінің өзара міндеттемелерін айқындау мақсатында ҚР Еңбек кодексіне «Білім туралы», «Кәсіподақтар туралы» ҚР заңдарына, өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жасалды.

Ұжымдық шарттың тараптары: Жұмыс беруші – «Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны, өкілі – ректоры Валиев Хұсаин Хасенұлы тұлғасында; Жұмыскерлер «Кәсіподақ ұйымы» деп аталатын «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің «Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің жұмыскерлері мен студенттерінің кәсіподақ ұйымы» филиалының мүшелері болып табылатын, еңбек шарты негізінде жұмыс істейтін жеке тұлғалар және студенттер, магистранттар, докторанттар, кәсіподақ ұйымының өкілі – төрағасы Мамиев Нұрлан Бекентайұлы тұлғасында.

ҚМУ-дың баспасөз хатшысы: Алла Чечёткина

 


PDF