Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

ҚМУ-да «Журналистің интернет желісіндегі құқық қауіпсіздігі» тақырыбында тренинг өтті

Жуырда А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінде арнайы журналистика мамандығының 2 және 3 курс студенттері үшін, журналистика және коммуникациялық менеджмент кафедрасының ұйымдастыруымен «Правовой медиа-центр» қоғамдық қоры «Журналистің интернет желісіндегі құқық қауіпсіздігі» тақырыбында тренинг өткізді.

Аталмыш іс-шараны «Правовой медиа центр» қоғамдық қорының директоры әрі университетіміздің журналистика мамандығы бойынша түлегі Диана Окремова өткізді. Тренинг барысында болашақ журналистерге заң нормалары және жазалау шараларына байланысты қоғамдық қордың заңгері Гүлмира Біржанова әңгімелеп берді. Арнайы өткізілген іс-шараның мақсаты  студенттерді интернетті пайдаланудың сақтық шараларымен таныстырып, қателікке  бой алдырмауды үйрету. Онда болашақ журналистер  білікті мамандарға сұрақтар қойып, өз сауалдарына тұщымды жауап алды.


PDF