Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

ҚМУ-да «What? Where? When?» атты зияткерлік ойын өтті

ҚМУ-дың ақпараттық технологиялар факультетінің әдістемелік инновациялар айы шеңберінде бағдарламалық қамтамасыз ету кафедрасы «What? Where? When?» жыл сайынғы зияткерлік ойынын өткізді.

2012 жылы «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығына көп тілді білім беру жүйесін енгізгеннен кейін, осы ойынды өткізу идеясы ұсынылды. Ойының негізгі мақсаты – студенттердің зияткерлік қабілеттерін арттыру және басқа тілдерге деген қызығушылығын ояту.

Іс-шара «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығының 2 курс студенттері, топтардың эдвайзерлері мен кураторларның ұйымдастыруымен өткізілді.  Жастар әртүрлі тақырыптарға байланысты қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде қызықты сұрақтарды дайындап бір-біріне қойды.

Ойын барысында топтар таңдалған сұрақтарға жауап беріп, жиналған ұпай саны бойынша жеңімпаз анықталды.  Оларға арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтар берілді. Жарыстың қорытындысы бойынша «Ең үздік ойыншы» атағы Аманжол Қазовқа берілді.

Бағдарламалық қамтамасыз ету кафедрасының меңгерушісі Ольга Салыкова, оқу жұмысы бойынша деканның орынбасары Гүлшат Махамбетова, арнайы шақырылған қонақ, Қостанай қаласындағы ағылшын тілі оқытушысы Генри Онвулану ойынның сарапшылары болды. Қатысушылар іс-шараны жоғары деңгейде өткізген байқау ұйымдастырушыларына алғыс білдірді.

 


PDF