15.11.2019 күні А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің аграрлық-техникалық институтында А.Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған ауыл шаруашылығы және қайта өңдеу өнеркәсібі қызметкерлерінің күніне орай «АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚТЫҢ ҚАЗІРГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ДАМУ БЕТАЛЫСТАРЫ» атты студенттік ауылшаруашылық ғылыми-тәжірибелік ІІІ жалпы университеттік конференциясы өтті. Аграрлық техника және технология, агрономия, қайта өңдеу технологиясы және стандарттау секцияларының отырысында жоғарғы курс студенттерінің жұмыстары тыңдалды. Конференцияға қатысушылардың ең үздік жұмыстары құзыретті қазылар алқасы мүшелерімен белгіленіп І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.