2019 жылдың 14 қыркүйегінде А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің әскери кафедра базасында Қостанай қаласының оқу орындарының әскери-патриоттық клубтарының слеті өтті.
«Жастар жылы» аясында, әскери-патриоттық тәрбие мақсатында слет қатысушыларымен сабақтар өткізілді, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің қару-жарақ пен әскери техниканың үлгілерін көрсету өткізілді.
Әскери кафедра студенттерімен қарумен саптағы әдістер, қаруларды бөлшектеу және жинау көрсетілді.
Слетті өткізудің негізгі мақсаты әскери қызметті насихаттау, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің имиджін арттыру, әскери-патриоттық клубтар арасындағы ынтымақтастықты нығайту болып табылады.
Слет аяқталған соң салтанатты жағдайда А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің әскери кафедрасының меңгерушісі. полковник Олег Оборин қатысушыларға сертификаттар табыс етті.