Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

ҚМУ-да әскери кафедраның қызметін ұйымдастыру мәселелері бойынша алғашқы баспасөз мәслихаты өтті

2016 жылы 29 –шы шілде күні А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ-дың бас ғимараттың конференц-залында әскери кафедраның қызметін ұйымдастыру мәселелері бойынша алғашқы баспасөз мәслихаты өтті.

 

Іс-шараға ҚМУ-дың ректор кеңесшісі Михаил Дауенов, әскери кафедраның бастығы, полковник Болат Токин, ҚМУ-дың баспасөз хатшысы Алла Чечёткина, Қостанай облысының баспасөз құралдарының өкілдері және университеттің 2-ші, 3-ші курс студенттері қатысты. Михаил Дауенов және полковник Болат Токин журналистердің және студенттердің әскери кафедра төңірегінде қойылған барлық сұрақтарына жауап қайтарып, толықтай ақпарат берді.

 

Жиынның соңында ҚМУ-дың ректор кеңесшісі Михаил Дауенов әскери кафедраға оқуға түсудің іріктеу үрдісі, адал және қатал түрде бақылау жұмыстарының жүргізілетіні туралы белгілеп айтты.

Әскери кафедра жұмыстарының ұйымдастырылуы және іріктеу, қабылдау ережелері туралы толық ақпаратты әскери кафедраның бастығы, полковник Б.Б.Токинның берген сұхбатында ksu.edu.kz бас сайтынан оқи аласыз.

ҚМУ-дың баспасөз хатшысы, Алла Чечёткина

 


PDF