22.10.2019 жылы Қазақстан тарихы және философия кафедрасы "Тарих" және "құқықтану" мамандықтарының студенттеріне арналған "сана шегі (қазақстандық дискурс)" атты ғылыми мақалалар жинағының тұсаукесерін өткізді. Тұсаукесерді кафедра меңгерушісі, философия ғылымдарының кандидаты Д.Б. Тойматаев жүргізді. Студенттер алдында жинаққа енген мақалалардың авторлары сөз сөйледі: Юрий Бондаренко - философия ғылымдарының кандидаты, профессор және Денис Качеев - философия ғылымдарының кандидаты, "Қазақстан философиялық конгресі" қоғамдық бірлестігінің Солтүстік Қазақстан бөлімшесінің төрағасы. Санаға философиялық көзқарас, тарих мифологизациясы және қоғамдық сананы манипуляциялау мәселелері талқыланды.