Журналистика және коммуникациялық менеджмент кафедрасы Білім орталығымен бірлесе отыра, А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінде құқық және экономика институтынң студенттері үшін Қостанай қаласының 140 жылдығына арналған іс шара өткізді. Аға оқытушы Амангелді Шүрентаев студенттерді қаланың құрметті азаматтары және университет профессорлары Сапар Қолдыбаев, Ақылбек Шаяхмет, Юрий Бондаренко және Нағашыбай Мұқатовпен таныстырды.
Студенттер Қостанай туралы өлең жолдарын оқыса, кеш қонақтары тарихи оқиғалар мен бастарынан өткен жағдайлары жайлы мәлімдеді. Студенттер қала болашағына қатысты өзекті мәселелерді көтеріп, қызықты сұрақтар қойып жатты.