Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

ҚМУ-да «Медиа және гендерлік тұрақты даму мақсаттары» семинары өтті

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғалымдары мен А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ журналистика және коммуникациялық менеджмент кафедрасының оқытушылары «Гендер және БАҚ» тақырыбы бойынша осы саладағы маңызды мәселелерді қазан айының соңында өткізілген оқу семинарында талқыға салды. Семинардың мақсаты жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары мен баспасөз қызметінің гендерге қатысты тұрақты даму мақсаттарын жариялаудағы әлеуетін арттыру болды.

семинар

Студенттер, болашақ журналистер мен PR мамандары, сондай-ақ Қостанай университетінің оқытушылары қанық әрі алуан түрлі ақпаратты, қолжетімді әдіснама мен ЮНЕСКО журналистика кафедрасының доценттерімен өткізілген сабақтарға қатысу мүмкіндігін жіберіп алмады. Оларды Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультетінің ЮНЕСКО кафедрасының доценттері мен кәсіби бапкерлер Александр Рожков пен Елена Дудинова, сонымен қатар жоба басшысы, ғылымдар докторы, профессор Назгүл Шыңғысова өткізді. Кешегі күнгі студент, шетелде «Болашақ» бағдарламасы бойынша білім алған, Бостон университетінің магистратура түлегі, ал қазір ұлттық университеттің аға оқытушысы Екатерина Вескинаны ерекше атап өтуге болады.

семинар

Тыңдаушылар мен семинар-тренинг қатысушыларын аталмыш тақырыпты талқыға салуға қызықтыруға көңілді ойындар мен баяндамалардың өзектілігі әсер етті. Бір сөзбен айтқанда, бұл қызықты, пайдалы әрі өзекті тақырыпқа толы күн болды. Ең белсенді қатысушылар сыйлықтарға қол жеткізіп, қатысушыларға сертификаттар табысталды.


PDF