Қарашаның отызы күні Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінде 1-желтоқсан Қазақстан Республикасының тұңғыш Елбасы күніне орай «Маңгілік – Ел» жастар ұйымының ұйымдастыруымен «Ұлты ұлықтаған – ұлы тұлға» тақырыбында жиын өтті. Елбасының өмір жолы мен жолдаулары, атқарған қызметтері туралы кішігірім деректі фильм көрсетілді. Президенттің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы талқыланып, жастар өз ойларымен бөлісті. Жиынға келген қонақтар мақала бойынша өз пікірлерін білдіріп, келе жатқан мерекемен құттықтау сөздерін жеткізді. Сондай-ақ, қонақтар елдегі патриотизіммен алға қарай ұмтылу, еліміздің дамыған 30 елдің қатарында болу үшін жастардың аянбай білім алып, әрқашан алда болу керектігін айтып өтті.