Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

ҚМУ-да «Латын әліпбиі: зейін және зерде» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің оқу залында «Латын әліпбиі: зейін және зерде» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстел жұмысына А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің оқу және тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры Алмас Әбсадықов, Қостанай облысы Тілдерді дамыту басқармасының жоспарлау бөлімінің басшысы Кенжеғали Бимағамбетов, Қостанай облысы  «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығының  директоры Гүлнар Талапова, Облыстық әмбебап ғылыми кітапхананың қоғаммен байланыс секторының меңгерушісі Анар Базарбаева, университеттің гуманитарлық-әлеуметтік  факультеті тіл және әдебиет теориясы, практикалық лингвистика кафедраларының оқытушылары мен студенттері, ақпараттық технологиялар факультетінің оқытушылары, журналистер қатысты.

Іс-шарада арнайы шақырылған қонақтар сөз сөйлеп, латын әліпбиіне көшудің маңыздылығына тоқталды. «Филология» мамандығының студенттері сұрақтар қойып, көкейлеріндегі сауалдарға жауап алды.

Мамандар кездесу соңында латын әліпбиіне көшудің маңызды үш қағидасын белгілеп айтты. Олар:

1. Латын графикасын  пән ретінде  орта және жоғары оқу орындарында  оқыту;

2. Еліміздің солтүстік өңірлерінде  орыс тілді халықтың шоғырлануына байланысты латын әліпбиіне көшу мәселесін орыс аудиториясына насихаттау;

3. Латын графикасы негізіндегі қазақ әліпбиі тіліміздің табиғи таза қалпын сақтауға мүмкіндік беру қажеттіліктері.

Іс-шараға қатысушылардың айтуы бойынша дөңгелек үстелдің жұмысы жоғары деңгейде өтті.


PDF