Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

ҚМУ-да «Кітап түні-2017» акциясы өтті

2017 жылдың 14-ші сәуірінде А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ-дың «Білім орталығы» ғылыми кітапханасында автор құқығы мен дүниежүзілік кітап күніне орай «Кітап түні-2017» акциясы өтті. «Кітапхана түні» акциясы – кітапханашылардың ұйымшылдықпен, зор еңбекпен атқаратын, кітапхана мен оқырмандар арасындағы байланыстың нығая түсуіне септігін тигізетін дәстүрлі, ауқымды шара.

Акцияның бағдарламасы бойынша студенттер қызықты жарыс ойындарға қатысты: сахналық қойылымдар көрсетті, ән айтты, би биледі, лирикалық өлеңдер оқыды, қолдан жасалған сән үлгілерін көрсетті.

«Аталмыш іс-шараны біз алғаш рет ұйымдастырып отырмыз. Акцияға ерекше дайындалдық. Біз студенттерді тек кітап арқылы қызықтырмай, сондай-ақ, осындай қызықты шығармашылық мән-мағынасы зор шарамен де қуантқымыз келді. Жастардың белсенділігі өте жоғары. Бүгінгі бағдарлама студенттер үшін қызықты болады. Арнайы сыйлықтар да қарастырылған» –деді, Жәмилә Ержанова – «Білім орталығы» ғылыми кітапхананың  меңгерушісі.

Студенттердің сұрауы бойынша «Кітап түні-2017» акциясын жыл сайын дәстүрлі түрде өткізу жоспарланып отыр.


PDF