Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

ҚМУ-да футбол лигасының салтанатты ашылуы өтті

2019 жылдың 10 қаращасы күні «Сұңқар» спорткешенінде А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ футбол лигасының ашылу салтанаты өтті. Бұл іс-шара оқу-жаттығу және жарыстық үрдісті жүйелеу мақсатында, сонымен қатар футболды кеңінен насихаттау, қабілетті және дарынды футболшыларды анықтау үшін өткізіліп жатырғандығын айта кету керек. Лига ойындары әр жексенбі сайын алты ай көлемінде өткізіледі.

Құттықтау сөзінде Қостанай мемлекеттік университетінің проректоры Нұрлан Мамиев ҚМУ футбол лигасының мақсаттары мен міндеттерін түсіндіріп, барлық қатысушыларға жақсы ойын тіледі. Нұрлан Бекентайұлы командаларға әділ ойын, ал ең мықты командаға жеңіс тіледі. Сондай-ақ, футбол лигасының жүлде қоры жайлы да айтылды. Ол 300 мың теңгені құрайды.

футбольная лига КГУ

футбольная лига КГУ

«Біздің басты мақсатымыз - әр ойыншыға өзін футбол жұлдызы сияқты сезінуге мүмкіндік беру. Сонымен қатар, Лига жалпы футболды дамытуға және студенттер арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтуға мүмкіндік береді. Келесі жылы біз командалардың санын көбейтуді жоспарлап отырмыз», - деді ҚМУ футбол лигасын құрушы және ұйымдастырушы Ерғали Құрбанбек.

Төрт топқа бөлінген 26 команданың футболшылары университеттің үздік футбол командасы атағы үшін күресуде. Жарыстар 2020 жылдың сәуіріне дейін өткізіледі.

футбольная лига КГУ

футбольная лига КГУ

ҚМУ-да лига ашылғаннан кейін спортпен шұғылданғысы келетін студенттер саны артады. Барлығын сайысқа шақыратын ұйымдастырушылардың басты мақсаты да осы еді. Және олар ойындар тарысты болатындығына сенімді.

 


PDF