23 қазанда А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ бас ғимаратының мәжіліс-залында докторанттар мен оқытушылардың қатысуымен «Elsevier» ДБ қолдану тақырыбында семинар өтті. ELSEVIER - ғылыми, техникалық және медициналық әдебиеттің әлемдегі жетекші басылымы. Қазақстан Республикасындағы «Elsevier» компаниясының өкілі Дина Шайхислам Scopus, Science Direct ДБ қол жеткізу, ғылыми жұмыстың сапасын арттыру, Elsevier ресурстарын пайдалану мүмкіндіктері, Scopus ДБ индекстелген журналдардың критерийлері мен іріктеу тәртібі туралы айтып берді. Семинар қатысушылары сұрақтар қойып, белсенді түрде оларды талқылады. Семинар жұмысы өте қызықты және жемісті болды.
Семинардың барлық қатысушыларына сертификаттар беріледі.