Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің бірінші курс студенттері бірінші қыркүйекті жарқын және көңілді атап өтті.
Мерекелік іс-шара ҚМУ ректоры Хұсайын Хасенұлы Валиев және университет басшылары Ахмет Байтұрсыновтың ескерткішіне гүл шоқтарын қойюынан бастауын алды. Қазақстан республикасының әнұраны айтылды. Университет ректорының салтанатты құттықтауынан кейін, ЖОО-ның профессор-оқытушылар құрамы өз студенттеріне оқуда сәттілік тілеп құттықтады.
Жиын соңында студенттер өз дәрісханаларына барып, мұғалімдермен және оқу жылының кестесімен танысты.
ҚМУ-дың баспасөз хатшысы: Алла Чечёткина