Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінде кітаптармен алмасуға арналған bookcrossing ашылды. Әлеуметтік жобаның авторлары – «Social Development Center» қоғамдық қоры.
Ұйымдастарушылардың пікірінше, кітап оқуға қызығушылықты баулу жастардың мәдени-білім көкжиегін кеңейтіп, оларды бәсекеге қабілетті етеді. Бүгінде кітап сөрелерінде өз оқырмандарын әлемдік әдебиеттің үздік туындылары күтуде.
Кітапқұмар студенттер ұнаған әдебиетін тегін таңдап, өзі оқыған кітаппен алмастыра алады. Алмастыратын кітап болмаса, кейін бұл туындыны басқа оқырман оқи алады. Ұйымдастырушылар кітап алмасумен шектеле қоймады.
Буккроссинг (ағылшын тілінде «кітаптың айналыста жүруі) – «өзің оқысаң, өзгеге табыс ет» қағидасына негізделген хобби мен адам және кітап арасынд жақындататын, кітап оқуға шақыратын қоғамдық қозғалыстардың бірі. Буккроссингтің ережесі бойынша, кез-келген адам өзі оқып бітірген бір кітабын қоғамдық көпшілік орындарда (саябақ, кафе, кітапхана және т.б.) қойып кете алады, кейін бұл кітапты тауып алған басқа адам оқиды, оқып болған соң, ол да сол кітапты орнына тастап кетеді, дәл осылай ол кітапты басқа оқырман оқи алады. Бұл қоғамдық қозғалысқа қатысушыларды – “буккроссерлер” деп атайды