Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

ҚМУ-да байқау комиссияның отырысы өтті

Бүгін, 2016 жылдың қыркүйектің 9-ы күні, Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің мәжіліс залында байқау комиссияның кезекті отырысы өтті.

 

Профессор-оқытушы құрамы қызметіне орналасу байқауы, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдесіндегі №338 педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалар лауазымының үлгілік біліктілік сипаттамаларына сәйкес, және жоғары оқу орындарының профессор-оқытушы құрамы мен ғылыми қызметкерлердің лауазымдарға конкурстық орналасуы қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 230-шы бекітілген бұйрықтардың негізінде өткізілді.

 

 

Ғылыми кеңестің шешімімен бекітілген (30.06.2016 жылы, №9 хаттама) профессор-оқытушы құрамының бос орнына орналасу байқауының Ережесіне сәйкес, университеттің сыртқы сайтында 2016 жылдың 25-ші шілдесі күні профессор-оқытушылар құрамының бос орнына байқау өткізілетіні туралы хабарландыру орналастырылған. Байқауға қатысу туралы өтініштер 2016 жылдың 25-ші тамызына дейін 30 күнтізбелік күн бойы қабылданды. Өтінішті берген күннен бастап, екі айдан кейін байқау бойынша сайлау және  еңбек шартын жасау жұмыстары жүргізіледі.

Жарияланған 66 бос қызмет орындарына, байқауға қатысу ниетін білдірген 38 үміткер өтініш берген.

 

Жаңа Ережелерге сәйкес, байқау комиссияның отырысы аяқталған соң, және ЖОО-ның ректоры шешім қабылдағаннан кейін, еңбек шарты жасалады.  Сондай-ақ, жаңа Ережеге сәйкес профессор-оқытушы құрамының бос орнына орналасу байқаудың нәтижесінде келісім шарт 3 жылға жасалады. Еңбек шарттың мерзімі аяқталған соң, оның ұзартылуы қарастырылмаған.

Байқауды жариялау алдында кафедра отырысында үміткерлердің ғылыми-педагогикалық қызметінің нәтижелері жинақталып, біліктілік талаптарын ескере отырып, олардың кәсіби және жеке қасиеттерін саралайтын ашық сабақтар өткізіліп қорытынды шығарылды.

Байқау комиссияның құрамы және байқауды өткізудің кестесі ректор бұйрығымен (29.08.2016 жыл, № 130 ЛC) бекітілді.

 

Университеттің байқау комиссияның негізгі мақсат-міндеттері: байқау ұсыныстарының уақтылы және сапалы қаралуын қамтамасыз етіп, ұсынылған ұсыныстарды объективті және жан-жақты бағалау болды. Сонымен қатар, жасырын дауыс берудің нәтижесінде, ректор атына әр үміткер туралы  барлық қойылған талаптарды ескере отырып, қосымша мінездеме ұсыну.

Байқау комиссиясының отырысы үш сағатқа созылды. Нәтижесінде, өтініш тапсырған барлық 38 үміткер байқаудан өткені туралы жарияланды. Байқаудың қорытындысын және жеңімпаздардың толық тізімін ksu.edu.kz. сайтының ішкі порталының хабарландыруында қарауға болады.

ҚМУ-дың баспасөз хатшысы: Алла Чечёткина

 

 


PDF