Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

ҚМУ-да қазақша күрестен турнир өтті

А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ-дың күрес залында қазақша күрестен турнир өтті. Жарысқа экономикалық факультеттің барлық курстары мен мамандықтарының 30-дан астам ер балалары қатысты. Жарыс 55, 66 және 74+ келі салмақ дәрежелері бойынша өткізілді.

Турнирде жастар қазақша күрестен бар өнерлерін ортаға салды. Нәтижесінде барлық кезеңдер бойынша жекпе-жектің ұпай сандары есептелініп, жеңімпаздар анықтарды.

 

55 келі салмаққа дейін:

1 орын - Альмурзин Арслан, «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығының 2 курс студенті;

2 орын - Жарқынбек Ислам, «Есеп және аудит» мамандығының 3 курс студенті;

3 орын - Мусин Эльдар, «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығының 2 курс студенті.

 

66 келі салмаққа дейін:

1 орын - Балмаш Абай, «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығының 1 курс студенті;

2 орын - Боранбайұлы Мағжан, «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығының 2 курс студенті;

3 орын - Ғалым Жанайдар, «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығының 2 курс студенті.

 

74+ келі салмақта:

1 орын - Әбсалық Заманбек, «Есеп және аудит» мамандығының 3 курс студенті;

2 орын - Қайырбек Жәнібек, «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығының 3 курс студенті;

3 орын - Оралбеков Ержігіт, «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығының 2 курс студенті.

«Түйе балуан» кубогын және «Эконом барысы» атағын «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығының 1 курс студенті, қазақша күрес бойынша спорт шеберіне үміткер Балмаш Абай иеленді.

Турнирді ұйымдастырушылар барлық қатысушыларға алғыс білдіріп, алдағы уақытта да жоғары нәтижеге қол жеткізуге тілектестіктерін білдірді.

 

 


PDF