Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Ағылшын тілінен Олимпиада өтті

А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ-дың шетел филологиясы кафедрасында көптілді топтар арасында ағылшын тілінен Олимпиада өтті. Байқауға «Транспорт», «ЕТ және БҚЕ», «Экология» және «Аймақтану» мамандықтары бойынша білім алып жатқан 50-ден астам екінші курс студенттері қатысты.

Олимпиада 2 кезең бойынша өткізілді.

1) Іріктеу кезеңі (лексика-грамматикалық тест);

2) Оқу, тыңдау және сөйлеу (reading, listening and speaking). 

Қатысушылардың ағылшын тілін білу деңгейін тексеру барысында, қазылар алқасы студенттердің жоғары дайындықпен келгендерін атап айтты. Қорытынды кезеңде әр қатысушының жинаған жалпы ұпай саны есептелді. Нәтижесінде жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар болып, жүлделі орындарға ие болғандар анықталды. Олар:

1 орын – Мухтаров Данияр (ЕТ және БҚЕ);

2 орын – Сеилов Бахтияр  (Аймақтану);

3 орын – Дуйсенбаев Рамазан (Экология).

Байқауды ұйымдастырушылар жеңімпаздарды мадақтама қағаздармен мадақтап, ағылшын тілін меңгеруде табыс тіледі.


PDF