26.04.2016 ж. ҚМУ алдындағы алаңда "Журналистика" мамандығының 3 курс студенттерінің бастамасымен, филолог-студенттердің қостауымен алғаш рет "Асық Party" ұйымдастырылды. Салауатты өмір салтын ұстану, ұлттық ойындарды дəріптеу, жастар арасында кеңінен насихаттау мақсатын көздеген іс-шара қызу да тартысты өтіп, көптің көңілінен шықты. "Асық Party" жүргізушілері - топ кураторы Сеитова Саян Тельмановна жəне студент Кенжеғұл Жанболат жастарды екі топқа бөліп, асық ойнатса, кейін "Қызыл ту" ойнын өткізіп, іс-шараны "Сақина салумен" аяқтады. Асық атудан алға суырылып, "Мерген" номинациясын ұтып алған ең үздік ойыншы Аманбаев Наурызбай болса, Боранбай Мағжан 2 ұпайға ұтылып, үздіктердің қатарында көріне білді. Студент-жастардың игі бастамасы жалғасын тауып, дəстүрлі түрде өткізіліп тұрады деген нық сенімдеміз!