Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

ҚМУ-да қалалық пікір-сайыс турнирі өтті

Қазан айының 12 - 13 жұлдызында А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ қалалық пікір - сайыс турнирін өткізді. Осы турнирге белсенді жастар, болашақ лидерлермен қатар дебат өнерінің қыр-сырын білетін, осы интеллектуалдық ойын арқылы талай жыл тәлім алған аға буындар да қатысты. Пікір - сайыс әлеміндегі айбынды додаларды дәстүрден де жоғары бағалайтын, қағидасын қызық қып тағалайтын талант тұлпарларының тарландары, сөз сұлтандарының арландары "Ахмет Ұрпақтары" клубының ораторлары мен координаторлары әділетті төрешілік жасады. Бас төреші болып Назира Асан сайланды. Турнирдің алғашқы кезеңінде 28 команданың ішінен ең жоғарғы баллмен бағаланған 16 команда келесі кезеңге жолдама алды. Ал ең жоғарғы спикерлік баллға ие болған 16 қатысушы "Үздік спикер" номинациясы үшін таласуға мүмкіндік алды. Тәжірибе алмасу, болашақ ұлт зиялыларын тәрбиелеу мақсатында өткен іс-шараның өң - бойы мерекелік көңіл - күймен қатар, күрделі құрылымын жоғалтқан жоқ. Себебі осы турнирде бір уақытта "Координатор кубогі - 2019", "Үздік спикер" кубогі, "Жастар финалының кубогі" ойнатылды. Ойын нәтижесі бойынша "Үздік спикер" болып Сүлеймен Жұман атанды. Турнир барысында сөйлеген сөзімен де, қызықты атымен де ерекшеленген "16 - микрорайон"  командасы "Жастар финалы кубогінің иегерлері атанды. Бас жүлде ең мықты, ең лайықты "Бони и Клайд" командасына бұйырды. Біз барша жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!

дебаты костанай

дебаты костанай

дебаты костанай

Ұйымдастырушылар мен қатысушылар биік деңгейдегі ойын көрсетті. Осылайша, қызыл тілден қан тамызған Қостанай пікірсайысшылары арасындағы дария достықтың асыл арнасы кеңейіп, кемел болашақтың көкжиегі нұрланды

дебаты костанай

дебаты костанай

дебаты костанай


PDF