Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

ҚМУ-да «Ахмет саңлақтары» атты зияткерлік сайыс өтті

А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің гуманитарлық-әлеуметтік факультетінің апталық жұмыстары аясында «Тіл және әдебиет теориясы» кафедрасының ұйымдастыруымен «Ахмет саңлақтары» атты зияткерлік сайыс өтті. Сайысқа Қостанай қаласының №9, 10, 20, 115 және С.Мәуленов атындағы гимназия мектептерінің  10-11 сынып оқушылары қатысты.  Сайыс барысында қазақ халқының салт-дәстүр, әдет-ғұрыптары, қазақ тілі мен әдебиет бойынша сұрақтар қамтылды. Сайыс үш кезеңнен өтті. Бірінші кезең – «Бәйге». Ол кезеңде әр топқа 15 сұрақ қойылды. Екінші кезең – «Ойлы болсаң, озып көр». Бұл кезеңде әр топ ұяшықтарды таңдап, сол ұяшықтағы сұрақтарға жауап беріп отырды. Үшінші кезең – «Көркем әдебиет әлемінде». Үшінші кезең бойынша әр топқа екі көркем шығармадан үзінді оқылып, олар шығарманың авторы мен атауын анықтап берді. Сайыс соңында оқушыларға сертификаттар табыс етілді. 

 


PDF