А. Байтұрсынов ат. ҚМУ экономика және құқық институтына жұмыс сапарымен ҚР ІІМ Қарағанды академиясы басшысының орынбасары, заң ғылымдарының докторы, полиция полковнигі Кенбаев Жанғали Айтқалиұлы келді.
Қонақ заң мамандығының 3 және 4 курс студенттерімен кездесу өткізді. Сұхбат аясында студеттер ҚР ІІМ Қарағанды академиясының жұмысымен, жұмысқа орналасу және ішкі істер қызметіне түсу шарттарымен танысты.
Осыдан кейін, Жанғали Айтқалиұлы А. Байтұрсынов мұражайы мен археологиялық лабораторияны қарап шықты.