Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

ҚМУ-ға Бургунди университетінен ғалымдар келді

ҚМУ-ға «Индустриялық-инновациялық даму» мемлекеттік бағдарламасы аясында Бургундии университетінен ғалымдар (Франция) келді. Делегация қарашаның 14 мен 18 аралығында университеттік іс-шараларға қатысты. Қонақтар алдымен ҚМУ-дың ректоры Х.Валиевпен кездесті.  Университет басшысы шетел ғалымдарының Қостанай өңіріне келуінің маңыздылығын айтты.

Делегацияның құрамында ғылым докторы, профессор, білім беру және зерттеу қызметі бойынша проректор – Фредерик Дебуафорт, ғылым докторы, профессор, тағамдағы микробиологиялық үрдістерді анықтау бойынша зерттеу тобының мүшесі –  Гаэл Руду, ғылым докторы, профессор, машина жасау факультетінің деканы –  Луис ле Мойн, ғылым докторы, профессор, машина жасау факультетіндегі электр жетек автомобильдер бойынша зерттеу тобының жетекшісі – Сиди Мохаммед Синоучи, ғылым докторы, профессор, машина жасау факультетіндегі «Материалдардың беріктігі мен композиттігінің құрылымы» зерттеу тобының жетекшісі – Шахрам Айваз Заден болды.

Бұл сапардың ең басты мақсаты шетел мен Қостанайлық зерттеушілердің арасында келіссөз жүргізіп, тәжірибе алмасып, зерттеу мәселелерін қарастырып, ортақ мәмілеге келу. Сондай-ақ, ИИДНБ бағдарламасын жүзеге асырып, университеттер арасында семинар, тренинг, конференцияларды өткізу.

Жоспар бойынша Бургунди университетінен келген ғалымдар ҚМУ-дың А.Байтұрсынов мұражайымен, ЖОО ұжымымен, кафедралармен, зертханалармен, тағамдар шығаратын "Костанайский мелькомбинат" пен машина жасайтын"СарыарқаАвтоПром" кәсіпорындарымен, Қостанай қаласының көрікті жерлерімен танысты.

         

 

 

ҚМУ-дың ғылыми жұмыс және сыртқы байланыстар жөніндегі проректор Ж.Б.Жарлығасов пен халықаралық байланыстар бөлімінің бастығы Е.М.Кандалина: «Ғалымдардың сапармен біздің ЖОО-ға келуі, біз үшін таптырмас маңызы зор тәжірибе. Халықаралық ынтымақтастық қатынастарды кеңейтіп, тереңдетіп, тәжірибемен алмасуға мүмкіндік туды» – деп, сапарды қорытындылады.

ҚМУ-дың баспасөз хатшысы Алла Чечёткина


PDF