Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

ҚМУ және ТМУ - әріптестер

А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті мен Г.Р.Державин атындағы  Тамбов мемлекеттік университеті арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

юристы 2

Бұған дейін заң факультетінің деканы Әлімжан Бекмағамбетов пен құқық және ұлттық қауіпсіздік институтының директоры Вера Шуняевамен екіжақты кездесуі өтті және криминалистикалық полигонды, мұражайды, пәндік аудиторияларды  аралап экскурсия жасаған әріптесіміз интеграциялық процестердің рөлі, компаративистика және болашақ заңгер мамандығы бойынша жаһандық әлемдегі құқықты жаңартудың өзекті мәселелеріне байланысты қонақ дәрісін өткізді. 

Кездесу интерактивті форматта өтті, диалог пен миға шабуыл ойынының аясында қызықты пікірлермен, ойлармен, идеялармен бөлісті, өзара жаңа ақпаратпен және тәжірибемен алмасты.

Юристы

Одан кейін ТМУ-нің бас корпусының конференц залында ҚМУ ЗФ деканы Әлімжан Бекмағамбетовтың, Құқық және ұлттық қауіпсіздік институтының директоры Вера Шуняеваның, Халықаралық байланыстар басқармасының бастығы Ирина Безукладованың, ТМУ Азаматтық құқық кафедрасының доценті Руслан Пузиковтың қатысуымен Қазақстан-Ресей кездесуі өтті. Кездесуде академиялық алмасу, қос дипломды білім беру мәселелері пысықталды. 

Қазақстан, Ресей, Беларусь, Польша елдерінің серіктес жоғары оқу орындарымен желілік өзара әрекеттестік бойынша бірқатар тиімді ұсыныстары айтылды.

Енді бірлескен жол картасын әзірлеуге өзара мүдделі және жоғары, нақты көзқарас пен ниеттегі бастамаға жол ашылды.


PDF