2 қазан Халықаралық Мұғалімдер күні қарсаңында А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ ғылыми кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. Отырысқа 500-ден астам адам қатысты: ПОҚ, студенттер, магистранттар, докторанттар. Бұл формат кең ауқымды мәселелерді талқылауға мүмкіндік берді.
Президенттің Жолдауы мен ҚР 2016-2019 жылдарға арналған БҒДМБ орындалу барысы туралы баяндама талқылаудың негізгі тақырыбы болды.
Сонымен қатар талапкерлерді қабылдау, түлектерді жұмысқа орналастыру, жұмыс берушілермен өзара әрекеттесу, университеттің есепті кезеңдегі қаржылық жағдайы, білім беру бағдарламаларын аккредиттеу, халықаралық ынтымақтастық мәселелері қаралды.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі А.Аймағамбетовтың тапсырмасын орындау үшін біз жалақыны арттыру бойынша үлкен жұмыс атқардық, университет қызметкерлері қыркүйек айынан бастап жалақыны 20% - ға жоғары алатын болады.
Жолдау аясында жоғары білім беру жүйесіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне және оған қарсы тұрудың нақты шараларына баса назар аударылды. Біз ҚМУ сыбайлас жемқорлықсыз аймаққа айналуға тырысамыз. Ол үшін "ҚМУ - адалдық алаңы" жобалық кеңсесін, "Адал ұстаз", "Адал жастар" ұтқыр топтарды құрудамыз. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегия университеттің жалпы даму стратегиясындағы маңызды мәселе болып табылады.
Алдағы оңтайландыруға байланысты мен Мемлекет басшысының тапсырмаларын және 2025 жылға дейінгі БҒДМБ аясындағы жаңа бағыттарды жүзеге асыру тұрғысында университет қызметкерлерінің алдында тұрған міндеттер мен перспективаларға назар аудардым. Диалог сындарлы өтті. Ұжым қызметкерлері көптеген қызықты сұрақтар қойды, олардың кейбіреуі отырыста тез шешіліп, қалғандары назарға алынды. Университет профессорларынан стратегиялық маңызды сындарлы ұсыныстар түсті.
Педагогтар мен студенттердің позитивті және оптимистік көңіл-күйі қуантады.
Өз кезегінде ҚМУ әкімшілігі олардың шығармашылық, зияткерлік және ғылыми әлеуетін жүзеге асыру үшін қажетті жағдайларды жасауды жалғастырады.