Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

ҚМУ студенттері Жастар акциясына қатысты

Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің студенттері қоршаған ортаны қорғау және сынапты қалдықтарды қауіпсіз пайдалану бойынша өткен Жастар акциясына қатысты. Іс шараны аграрлық – биологиялық факультетінің «Экология кафедрасы», «Қостанай облысының жастар ресурстық орталығы», «Almighty Ecology»  қоғамдық қоры ұйымдастыруымен және «Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қолдауымен өткізілді.

Іс-шара жүргізушісі сынаптың адам ағзасына және қоршаған ортаға келтіретін зардаптары туралы ақпарат берді. Студенттерге сынап туралы сұрақтар қойылды. Дұрыс жауаптар сыйлықтармен бағаланды. Кездесу барысында студенттер билеп, ән салып, саханада күлкілі пародия үлгілерін ортаға салды. ҚМУ студенттеріне арнап, қаланың үздік КВН топтары өнерлерін көрсетті.

 

PDF