Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

ҚМУ студенттері «Жас ғалым» сайысының жеңімпаздары атанды

Математика – ғылымның атасы. Оның көмегімен көптеген айтулы мәселелерді шешуге болады. Біздің университетімізде осы салаға әуес студенттер өте көп. Мұны Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің ақпараттық технологиялар факультетінің «Математика» мамандығының студенттері дәлелдеді.

Біздің студенттер V Республикалық «Жас ғалым» атты оқушылар мен студенттердің ғылыми жұмыстар сайысына қатысып, жеңімпаз атанды. Сайыс нәтижесінде бірінші орынға ие болған «Математика» мамандығының 2-курс студенттері Динара Өміртаева, Тоғжан Ғинолла және үшінші орынды иеленген Анна Колесникова. Студенттеріміздің осындай жоғары көрсеткішті көрсетуі, оларға бағыт-бағдар берген ғылыми жетекшілері Берденова Гүлнар Жалғасқызы және Рыщанова Сания Мұхамедярқызының ерен еңбегінің арқасында екені белгілі.

Ақпараттық технологиялар факультетінің ұжымы жеңіске жеткен студенттер мен олардың жетекшілерін құттықтап, алдағы уақытта да, жоғары жетістіктерге жетуге тілектестіктерін білдіреді.


PDF