Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

ҚМУ студенттері ювеналдық сот төрайымымен кездесті

А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің заң факультетінің Қылмыстық құқық және процесс кафедрасында оқытушы Л.Т.Нурханованың ұйымдастыруымен Қостанай облысы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрайымы Айзада Марданқызы Жәнібековамен кездесу өтті. Арнайы шақырылған қонақ 2-ші, 3-ші курс студенттеріне «Қостанай облысы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының өткені мен бүгіні» тақырыбында арнайы баяндама дайындап, әңгімелеп берді.

Кездесу барысында студенттер аталған соттың ең алғаш құрылған жылындағы және қазіргі қызметтері, мемлекеттік қызметшілердің ар-намыс кодексі, судьяға қойылатын талаптар туралы ақпарат тыңдады. Кәмелетке толмағандарға қатысты әкімшілік, азаматтық, қылмыстық істер бойынша студенттер сұрақтар қойып, оларға нақты жауаптар алды. Нәтижесінде А.М. Жәнібекова кафедра ұжымына және кездесудің қатысушыларына арнайы әдебиеттер ұсынып, студенттерге оқуда сәттілік тілеп, көрсетілген құрмет үшін алғысын білдірді.


PDF