А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ «Журналистика» білім беру бағдарламасының студенттері қазан айының 23-і жұлдызында облыстық «Qostanai» телеарнасына экскурсияға барды.
2018 жылғы экскурсиямен салыстырғанда өзгерістер өте көп, техникалық жабдықтар жаңартылған. Экскурсия жүргізген Гүлнұр Қонарова студенттерді жылы шыраймен қарсы алып, телеарнадағы барлық мамандықтармен, әрбір студияның жұмысымен таныстырды.
Монтажер, дыбыс режиссері мен бағдарламалар режиссері, тележүргізушілердің жұмысын көріп, өз мамандығының міндеттеріне тағы да қанық болды. Республикалық «Хабар» арнасының меншікті тілшілерімен де тілдесіп, сұрақтарына жауап алды.