Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

ҚМУ студенттері Германияда білімдерін толықтырады

«Шетел филологиясы» және «Аударма ісі» мамандықтарының 3 курс студенттері Маргарита Зайцева, Балжан Асанова, Ксения Задорожная және Диана Мусина әлемдегі әйгілі DAAD ұйымының (Академиялық Алмасудың Германдық Қызметі http://www.daad.kz/ru/) жыл сайынғы байқауына қатысып, Германияда тілдік тағылымдамадан өту гранттарын жеңіп алды.  Студенттер үш апта бойы Германиядағы ең көне университеттерінің бірі Фридрих Шиллер Университетінің жазғы тілдер курстарында оқып, тіл иелерімен және басқа елдердің студенттерімен қарым-қатынаста өз білімдерін толықтырып және тексеріп, неміс мәдениеті мен дәстүрлерін жақсырақ біліп, ұлы Гётенің туған жерін өз көздерімен көре алады.

Шетел филологиясы кафедрасының аға оқытушысы Зәуре Алпыспаеваға студенттерді халықаралық бағдарламаға дайындағаны үшін алғысымызды білдіреміз! 

Германияда тағылнамадан өтеді


PDF