Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

ҚМУ МAN-2016

А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінде  жігіттер арасында «ҚМУ МAN-2016» сайысы  өтті. Сайысты Жастар бастамаларын дамыту орталығы мен «Арулар Отауы» студенттік клубы ұйымдастырған. Байқауға  қатысуға ынталы 15 үміткердің ішінен 9 студент сайысқа жолдама алды. Олар 4 конкурс бойынша өз өнерлерін ортаға салды: өзін таныстыру, қол күресі, әскери дайындық,   шығармашылық және классикалық дефиле.

КГУ мэн

Сайыс қорытындысы бойынша  «ҚМУ МAN-2016» атағына экономика  факультетінің студенті Ғалым Жанайдар ие болды. Ал вице  «КГУ МAN-2016» атағы  ветеринария және мал шаруашылығы технологиялары факультетінің студенті Марат Қабденге бұйырды.  Басқа да сайыскелер құр алақан  қалмады, әр түрлі номинацияларға ие болды.  


PDF