Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

ҚМУ-дың студенттері Құрбан айтты атап өтті

Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің  №1-ші студенттер үйінде 80 адамға және №2-ші студенттер үйінде 200 адамға мұсылман қауымының асыға күтетін Құрбан айт мерекесі қарсаңында айт шәйі берілді.

Құрбан айт мейрамы күні ҚМУ-дың 200-ден астам студенті «Наурыз» шағын ауданында Қостанай қаласының мұсылман қауымы көптен күткен жаңа мешіттің ашылуына ат салысып, құрбандық шалу рәсімін орындады. Содан кейін университетіміздің студенттері мерекеге дайындықты бастап, үлкен дастархан жайды. ҚМУ-дың басшылығы,қалалық мешітінің имамы Еркебұлан ұстаз, Қостанай облысы әкімшілігі жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарманың бас маманы Айшагүл Қаратаева, Жастар бастамасын дамыту орталығының меңгерушісі Болат Қалиев дастархан басында мағынасы терең әңгімелер айтты.  Құрбан айт мерекесінің қадір-қасиетіне тоқталды. Имам уағыздар айтып, студенттер үйі тұрғындарының сұрақтарына жауап берді.

Осындай маңызы зор мерекелік іс-шараға ат салысып қаржылай көмек көрсеткен Кәсіподақ ұйымын айтып өткен жөн.

Мереке соңында қонақтар өздерінің игі тілектерін білдіріп, шын жүректен бірін-бірі құттықтады.

ҚМУ-дың баспасөз хатшысы: Алла Чечёткина

 


PDF