Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

ҚМУ-да «Мектепке жол» акциясы өтті

Қазақстан Республикасы Президентінің оқушылардың мектепке баруын толық қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінде 2016 жылдың 26 тамызында «Мектепке жол» атты, дәстүрлі жалпы республикалық қайырымдылық акциясы өтті.

 

Акцияның мақсаты - оқуға тартылмаған балаларды анықтау, тұрмысы төмен және көп балалы отбасылардың балалары мен  жетім және  ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушыларға  көмек беру.  Сонымен бірге, акция әлеуметтік себептер бойынша 1 қыркүйекте балалардың мектепке бармауын алдын алуға бағытталған.

Республикалық «Мектепке жол» атты қайрымдылық акциясының барысында университетіміздің басшылары, ғылыми жұмыс және сыртқы байланыстар жөніндегі проректор Женіс Жарлығасов, оқу ісі және оқытудың жаңа технологиялары жөніндегі проректорАлмасбек Әбсадықов және кәсіподақ комитетінің төрағасы  Нұрлан Мамиев алты бірдей отбасыға қаржы салынған конверттерді табыстады.

Қолма-қол ақшаның ата-аналарға берілудің тиімділігі әр атана өз баласына сай келетін киім-кешектер мен оқуға арналған құрал –саймандарды өздігінен таңдап, сатып алуға мүмкіндік берді.

1. Ақжан Алтынбаева,  ТДО-ның аға оқытушысы, 5 баланың анасы;

2. Ақмарал Ералина, Т және ҚФ-ның аға оқытушысы, 4 баланың анасы;

3. Сайрангүл Балғабаева, Т және ҚФ-ның аға оқытушысы, 5 баланың анасы;

4. Жанат Есенбаев Д және СДО технигі, 5 баланың әкесі;

5. Майрамкүл Мырзабаева, № 3-ші ғимараттың тазалаушы, 6 баланың анасы;

6. Сәлімжан Молдағалиев, қауіпсіздік қызметтің маманы, 5 баланың әкесі.

Ата-аналар көрсетілген көмек үшін, ЖОО басшылығына шексіз ризашылықтарын білдірді. Республикалық қайрымдылық акциясы алдағы уақытта әлі де жалғасын табатын болады.

 ҚМУ-дың баспасөз хатшысы: Алла Чечёткина


PDF