Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

ҚМУ-дің француз тілі оқытушылары - Француз үкіметінің стипендиаттары

Қазақстандағы Франция елшілігінің ынтымақтастық және мәдениет бөлімі Қазақстанның мемлекеттік мекемелерінің француз тілі оқытушыларына 2019 жылдың 8-20 шілде аралығында Франкофонияда (Ницца) оқудан өтуге тамаша мүмкіндік берді. Қатысу үшін сауалнаманы толтырып, уәждемелік хат жазу қажет болды. Франкофонияда тілдік дайындық үшін 16 іріктелген үміткерлердің арасында – шетел филологиясы кафедрасының оқытушылары Эльвира Медетова және Маргарита Тричик бар.

Француз үкіметінің стипендиаттары

Іріктеу шарттары мен жеңімпаздар тізімін мына сілтеме бойынша өтіп, көруге болады: https://www.culturefrance.kz/Les-resultats-Selection-d-admission-pour-la-Formation-linguistique-a?lang=fr

Франкофония - бұл Ницца қаласындағы оқу орталығы. Бұл орталықтың мақсаты – француз тілін дамыту, француз тілін шет тілі ретінде оқытуда инновациялық жобаларды жасау үшін бүкіл әлемнің француз тілі оқытушыларын біріктіру болып табылады. Курстар 12-20 адамнан тұратын топтарда жүргізіледі және тегін цифрлық білім беру ресурстарына қолжетімділікті қамтамасыз етеді.

2018 жылы 73-тен астам ұлт өкілдері Ниццада болды. Биылғы жылы Қазақстандағы Франция Елшілігінің қолдауымен қазақстандық оқытушылар өздерінің кәсіби деңгейін арттыруға және шет елдік әріптестермен мәдени байланыс орнатуға бірегей мүмкіндік алды. Франкофония қызметімен толығырақ мына сайтта танысуға болады https://www.universitesdefrancophonia.com/qui-sommes-nous.html

 


PDF