Рудный қаласында өткен жастар слеті
28 қараша күні Рудный қаласында жастардың жыл сайын болатын слеті өтті. Бұл жолы ол он бірінші рет өтіп 100 артық қалалардың мектеп, колледж және ЖОО жастарын жинады.
Форумның «Кәсіпкерлік Рудный» атты бір бөлімін өткізуге ҚМУ-нің бухгалтерлік есеп және аудит кафедрасын шақырды. Кафедра оқытушылары белсенді студенттердің көмегімен «Кім кәсіпкер болғысы келеді?» деген оқыту бөлімін өткізіп, тыңдаушылар үшін бірнеше бизнес ойындар ұйымдастырды. Бөлім жұмысы барысында қатысушылар 3 сағат мерзімде қазіргі бизнесмен қандай болуы керек, жетістік стратегиясы мен қоғам және мемлекет алдындағы әлеуметтік жауапкершіліктің ролін талқыға салып, пікір алысты. Слет қорытындысында студенттер мен оқытушылар алғыс хаттармен марапатталды.