2019 жылдың 5 желтоқсанында А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ-нің Smart-орталығында «Модельдеу шындықты білудің тәсілі ретінде» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел жұмысына т.ғ.д., Г.И. Носов атындағы Магнитогорск мемлекеттік техникалық университетінің профессоры Ячиков Игорь Михайлович, ғылыми жұмыстар және интерноационализация жөніндегі проректор Бекмагамбетов А.Б., математика және физика, ақпараттық жүйелер және информатика, бағдарламалық қамтамасыз ету кафедраларының оқытушылары, студенттері, магистранттар және докторанттар қатысты.
Жұмыс барысында Ячиков И.М – тің ««Математикалық модельдеуді қолдану арқылы радиатор дизайнын талдау» и «Модельдеу шындықты білудің тәсілі ретінде» тақырыбындағы есептері тыңдалды. Қарапайым дифференциалдық операторлардың спектрлік теориясындағы спектрлік қасиеттер, Монте-Карло әдісін қолдану арқылы бетті тану, Mathcad ортасында оптимизация және т.б. мәселелер талқыланды.
Дөңгелек үстел аяқталғаннан кейін профессор Ячиков И.М. оқытушыларға «Ақпараттық жүйелерді рұқсатсыз кіруден қорғаудың әдістері мен құралдары» бағдарламасы бойынша біліктілікті арттыру сертификаттарын тапсырды.