Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Мүлікті жария ету және оны заңдастыру

Бүгін Қостанай қаласы бойынша Мемлекеттік кіріс басқармасының бас маманы Айнұр Амралиева  А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің қызметкерлерімен  мүлікті жария ету және оны заңдастыру туралы заңдағы өзгерістер туралы баяндады. 

легализация

Жаңа заңнама бойынша жария етілген мүлік және оны жария еткен тұлға туралы мәліметтер құпия  сақталады. Тіпті бұл мәліметтер құқық қорғау органдарының сұрауына да берілмейді.  Сонымен қатар мүлкін жария еткен тұлғалардың заңдастырған мүлкіне мемлекет кепілдік береді. Қазақстан Республикасының мүлікті жария ету Заңының 5-бабына сәйкес мүлікті заңдастырған тұлғалар өздерінің заңдастырған мүліктері және табыстары бойынша әкімшілік және құқықтық жауапкершіліктен босатылады.  Жеке жинағын жария еткен тұлға қаражатты есепшотқа аударып, арнайы декларация толтырған соң ешқандай салық төлемей, 5 күннен кейін қажетіне жарата алады.  Бұрын ақшаны 5 жыл банкте ұстау міндеттелген болватын. Ал жинағын есепшотқа аударғысы келмейтіндер жария ететін қаржының көлемін құжатта көрсетсе де болады. Бірақ мұндай жағдайда 10 пайыз салық төлейді.   Ұлттық заңнамаға енгізілген өзгерістерге байланысты 2014 жылдан бастап мемлекет тарапынан қолға алынған мүлікті заңдастыру науқанының мерзімі 2016 жылдың аяғына дейін ұзартылды.

легализация

Заңдастыру мемлекет үшін де, ел азаматтары үшін де өзара пайдалы болмақ: бір жағынан жеке тұлғалар қолында бар мүлкін заңды айналымға шығаруға мүмкіндік алса, екіншіден, ел экономикасына заңдастырылған капитал мен мүлік түріндегі қосымша қаражат тартылады. Бұл науқан өзге мемлекеттердегі мүлікті, сонымен бірге өзге тұлғаның атындағы мүлікті заңдастыруға мүмкіндік береді. Заңдастырылған мүлік жеке тұлғаның кірісі ретінде саналмайды, тиісінше жеке тұлғаға қосымша салық салынбайды. Заңнамада арнайы шотта ақша сақтаудың бекітілген мерзімін сақтамаған жағдайда ақшаны заңдастыру бойынша алым төлеу туралы талап болмағандықтан, бүгінгі күні мұндай шотқа екінші деңгейлі банктер немесе «Қазпошта» арқылы ақша салған жағдайда жеке тұлғаларға алым төлеу міндеттемесі жүктелмейді. Заңдастырылған ақшаны жұмсау туралы қандай да бір шектеулердің болмауы қосымша стимул береді, себебі мұның өзі ақшаны құнды қағаздарға, жекешелендіру нысандарына, өзге де нысандарға инвестициялауға үлкен мүмкіндік тудырады. Осы науқан аясында мүлкін заңдастырушы тұлғаларды қорғау мақсатында заңда заңдастыру кезінде алынған құпия мәліметтерді сақтау туралы талап қарастырылған.


PDF