Әдістемелік инновация айының шеңберінде экономика факультетіндегі басқару және іскелік әкімшілік кафедрасы «Менеджмент және маркетинг» пәндік олимпиадасын өткізді. Іс-шараны өткізудегі басты мақсат -студенттердің оқуға қызығушылығын арттыру, алған білімдерін жетілдіру және іскерлік белседіліктерін дамыту. Олимпиада іскерлік ойын түрінде өтті. Сайысқа 4 топ қатысты.
Олимпиада қортындысы бойынша жүлделі бірінші орынды қаржы және банк ісі кафедрасының студенттері иеленді. Екінші орын бухгалтерлік есеп және аудит, ал үшінші орын басқару және іскелік әкімшілік кафедрасының студенттеріне бұйырды.