Ұлттық болмысымыз бен рухымызды асқақтату мақсатында «Nur Otan» партиясының бастамасының «Менің Туым, менің Отаным!» акциясына А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ де өз үлесін қосты. Патриоттық акцияның негізгі мақсаты - мемлекеттік туды тұрақты түрде қоғамдық орындарда, туристік нысандарда, сауда және ойын-сауық орталықтарында, жоғары және орта арнаулы оқу орындарында орналастыру болып табылады. Университеттің екінші корпусының залында мемлекеттік Ту орнатылып, мерекелік шара ұйымдастырылды. Салтанатты жиында «Nur Otan» партиясы Қостанай облыстық филиалы төрағасының орынбасары Алмат Досмұхамедов және Қостанай мемлекеттік университетінің әлеуметтік және шаруашылық жұмыстар бойынша проректордың м.а. Нұрлан Мамиев сөз сөйлеп, мемлекеттік рәміздерді құрметтеу әрбір қазақстандықтың парызы екендігін жеткізді. Шара барысында патриоттық әндер орындалды.