Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

«Менің таңдауым ҚМУ!» байқауы жалғасуда

Жастар бастамаларын дамыту орталығының меңгерушісі Б. Қалиев және ЖБДО-ның бас маманы М.Төлеш «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің С.Мәуленов атындағы гимназиясы» ММ-нің 11 сынып оқушыларымен кездесіп, «Менің таңдауым ҚМУ!» атты бейнебаяндар сайысының ережелерімен таныстырып, байқау қарашаның 15-ші жұлдызына дейін жалғасатынын хабарлады. Болат Қалиев шәкірттердің қойған сұрақтарына жауап беріп, ережеге сәйкес келетін, қабылданған барлық бейнебаяндар ҚМУ-дың баспасөз қызметінің Youtube-арнасына жүктелетінін айтып өтті.

Бейнебаянның мазмұны :

1. Бейнебаянның міндетті түрде негізгі бастама беті болуы қажет.

2. Бейнебаянның ұзақтығы 3-5 минут.

3. Бейнебаян мазмұнында төменде көрсетілген ақпарат көрсетілу керек:

  • А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ-ға түсу себептері;
  • Түлектің таңдап алынған мамандыққа түсу себептері;
  • Бейнебаянда «Менің таңдауым ҚМУ!» сөйлемі  2 реттен аз емес айтылуы тиіс.

4. Бейнебаянның сол жақ төменгі бұрышында А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ-дың ресми логотипі, көлемі айырып танылатын және 50% анық болуы міндет.

5. Бейнебаянның пішімі: Full HD, бейнелену көлемі: ең азы 720 р. болғаны дұрыс.

Өтінім үлгісі

Байқаудың ережесі

 

 

 


PDF