Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

«Менің таңдауым - ҚМУ!» атты бейнероликтер байқауы

Құрметті 11 сынып оқушылары!

А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті «Менің таңдауым - ҚМУ!» атты бейнероликтер байқауы туралы хабарлайды! Байқаудың жеңімпазы грант иегері аталынып, ақысыз түрде оқуға мүмкіндік алады.

Байқауға Қостанай облысы және Қостанай қаласының жалпы білім беретін мектептерінің 11 сынып оқушылары қатыса алады.

Жұмыстар 31 қаңтарға дейін қабылданады.

Байқаудың ережелері мен талаптары осы жазбаның қосымшасында көрсетілген.

Сайыстың негізгі қағидаларын түсіндіру үшін Ұйымдастыру комитетіне мына мекен-жай бойынша хабарласыңыз: А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ, А.Байтұрсынов көшесі, 47 үй, бас корпус, 316 кабинет, Жастар бастамаларын дамыту орталығы.

Телефондары: 7(7142)51-11-20, +7 (747)-145-64-05.

Өз мүмкіндігіңізді жіберіп қалманыз!!!

Байқаудың ережесі

 

Өтінім үлгісі


PDF