Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Менің таңдауым – ҚМУ!

А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті «Менің таңдауым – ҚМУ!» бейне-байқауының қорытындысын шығарды. Байқау жеңімпазы таңдаған мамандығы 
бойынша тегін білім алу құқына ие болды. Биыл төртінші жыл өткізіліп отырған бейне-байқауға Қостанай облысының қазақ және орыс тілді 11-ші сынып оқушылары мен колледж 
түлектері қатыса алады. Тегін білім алу сертификатына ие болу үшін үміткерлер өтініш береді және А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ-не түсу себептерін көрсететін 3-5 минуттық
бейнефильм жасайды.
 
Бағалау критерийлері: контенттің бәсекелестікке сәйкестігі, өзіндік ерекшелігі, университет туралы ақпараттың болуы, презентацияға және дизайнға шығармашылық көзқарас. 
Конкурстың финалистері, 7 оқушы конкурстық комиссия алдында бейне-роликтерін ұсынды және дауыс беру нәтижелері бойынша тек екіеуіне білім алу грантына сертификат
берілді.Олар - Қостанай қаласының №5 орта мектебінің 11 сынып оқушысы Аружан Сәрсенбаева мен №10 орта мектептің оқушысы Жасұлан Нүсіпқан.
Оқушылар ҰБТ-ны жақсы тапсырған жағдайда ғана ректордың грантына ие бола алады.
 
Байқау жеңімпаздарына сертификаттар соңғы қоңырау салтанатты шарасында табысталады, ал осы жолы барлық финалистер байқауға қатысқандары үшін дипломдармен 
марапатталды.
 

менің таңдауым ҚМУ

Менің таңдауым - ҚМУ

 
Барлық қатысушылардың бейне-роликтерін мына сілтеме бойынша көруге болады: https://www.youtube.com/channel/UCTgzgeoQsmqhs30htE5sWUg
  

 


PDF