Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

«Мен математиканы сүйемін!» фотокөрмесі

Студенттердің математикаға деген қызығушылығын арттыру және қарапайым заттардан әдемілік және ерекшелік көре білу қасиетін жетілдіру мақсатында ҚМУ-дың ақпараттық технологиялар факультетінің математика кафедрасы «Мен математиканы сүйемін!» атты фотокөрме ұйымдастырды.

Осы көрмеге ақпараттық технологиялар факультетінің студенттері ғана емес, сонымен қатар инженерлік-техникалық, аграрлық-биологиялық, ветеринарлық және мал шаруашылық технологиясы факультетінің студенттері де қатысты. Ақпараттық технологиялар факультетінің 2-қабатында осы тақырыпқа сай түрлі фотосуреттерді тамашалауға болады.

Математика кафедрасының оқытушылар ұжымы фотокөрменің қатысушыларына жоғары белсенділік үшін алғысын білдіріп, алдағы уақытта үлкен жетістіктерге жете берулеріне тілектестігін білдіреді.

 


PDF