Бүгін Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Қостанай облысы бойынша департаменті ҚМУ студенттерімен кездесті. Кездесуде жоғарғы оқу орындары студенттерінің мемлекеттік қызметке орналасуы үшін қандай ақпаратпен таныс болулары керек және оларға қандай талап қойылатыны туралы сөз болды. Департамент басшысы – Берген Беспалиновтың айтуы бойынша мемлекеттік қызметке жоғарғы білімі бар Қазақстан Республикасының әр азаматы орналаса алады, университетті енді бітірген түлек те. Мемлекеттік қызметке орналасам деушілер бірнеше кезеңдерден өтуі керек: ҚР заңдарын білетіндігін дәлелдейтін сертификат алу үшін тест тапсыру, керекті құжаттарды даярлау және сұхбаттасуға бару.