Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Мектеп түлектеріне сертификат табысталды

25 мамыр күні мектептерде соңғы қоңырау соғылды. Бұл күн мектеп түлектері мен олардың ата-аналары, ұстаздары үшін айтулы мереке, сонымен қатар үлкен өмірге аяқ басқалы тұрған 11 сынып оқушыларына жаңа мүмкіндіктер ашылады. Осындай мүмкіндіктің жемісін Қостанай қаласының №10 және Б.Момышұлы атындағы №5 орта мектептерінің биылғы жылғы түлектері Жасұлан Нүсіпқан мен Аружан Сарсенбаева.көретін болады. Олар оқу ордамыз өткізген «Мен ің таңдауым – ҚМУ» видео-роликтер байқауында жеңімпаз атанып, ректордың оқу грантына ие болды. Салтанатты жиында түлектерге білім грантын беру туралы куәліктер табыс етілді. Алайда Аружан мен Жасұлан Ұлттық біріңғай тестілеуде қажетті бал жинауы керек. Айта кетейік, №10 орта мектептегі конкурс жеңімпазына сертификатты ҚМУ-нің жастар ісі жөніндегі комитеттің маманы, осы мектептің бұрынғы түлегі, сонымен қатар біздің университеттің түлегі, «Ахмет ұрпактары» пікірталас клубының экс-президенті, сол жылдардағы Жоғары студенттік кеңесінің мүшесі Әнуар Бұқабаев табыстады. Бұл шешім кездейсоқ емес – жақсы үлгі. Байқау жеңімпаздары, біздің болашақ студенттер, университет активінің ең белсенді және танымал көшбасшылары болады деп үміттенеміз!

Түлектерге сертификат табысталды

 

менің таңдауым ҚМУ

Аружан мен Жасұланның  видеосын мына ссылка бойынша қарауларыңызға болады:  https://www.youtube.com/channel/UCTgzgeoQsmqhs30htE5sWUg


PDF