А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті журналистика және коммуникациялық менеджмент кафедрасы 2019 жылдың 7 қарашасында Қостанай қаласының орта мектеп оқушылары мен колледж білім алушыларына арналған ақпараттық және медиасауаттылық бойынша шеберлік сыныбын өткізді.
«Қалай медиасауатты болу керек? Журналистикада қандай жаңа мамандықтар пайда болды?» деген сұрақтарға оқытушылар жауап берсе, смартфонның көмегімен сапалы фотография жасау, ауызша сөйлеуге дайындық, қысқа ақпараттық мәтін жазу, ақпаратты тексеру және жалған ақпаратты анықтау дағдыларына «Журналистика» білім беру бағдарламасының магистрнаттары мен студенттері үйретті.
Шеберлік сыныбы қазақ және орыс тілдерінде 52 оқушыны журналистиканың қыр-сырына баулыды.
Ұйымдастырушылары журналистика және коммуникациялық менеджмент кафедрасының меңгерушісі Жусупова А.М., журналистика және коммуникациялық менеджмент кафедрасының аға оқытушылары А.Сулейменова, Г.Какимбек.