Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Медиация – дауларды шешудегі оңтайлы тәсіл

А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің заң факультетінде «Медиация – дауларды шешудегі оңтайлы тәсіл» тақырыбында «on-line» режимінде дөңгелек үстел өтті. Кездесудің ұйымдастырушысы Азаматтық құқық және процесс кафедрасының аға оқытушысы Қ.Қ. Ахмединова болды. Аталған іс-шараға Сібір конфликтология орталығы, кәсіби медиаторлар, Қостанай облысының судьялары, сондай-ақ, заң факультетінің оқытушылары мен студенттері қатысты.

Мамандар медиацияның өзекті және күрделі мәселелерін қарастырып, пікір алмасты. Соның ішінде Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясындағы медиацияның даму тәжірибесіне тоқталып, баяндамалар тыңдалды. Қатысушылар медиацияның жүзеге асырылуы мен әркімнің өз саласында медиацияны пайдаланудағы күрделі жақтары мен ерекшеліктерін атап көрсетті.

 


PDF