Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Математикадан студенттік олимпиада

Математика әр қашанда күрделі сонымен қоса танымал пәндердің бірі. Геометрия, алгебра, сан теориясы және т.б. курстарының есеп жиынтықтарын шешуші студенттерден терең білімді, стандартқа лайық емес, логикалық ойлауды талап етеді. Қазақстан Республикасының 25 жылдығына орай Дарынды студент жастарды қолдау мақсатында ақпараттық технологиялар факультетінің математика кафедрасы 2016 жылылдың 24 қарашасы күні математика пәні бойынша 1-2 курс студенттерінің арасында олимпиаданың I кезеңін өткізді.

6 желтоқсан күні олимпиаданың қорытындылары жарияланды. Басқа мамандық бойыншабілім алып жатқан студенттердің нәтижелері жоғары болды. Атап айтсақ, «Ақпараттық жүйелер» және «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандықтарының студенттерінің тапқырлығы ерекше көзге түсті.

Нәтижесінде:

1 орынды – Математика мамандығының 2 курс студенті Колесникова Анна;

2 орынды – ЕТ және БҚЕ мамандығының 2 курс студенті Евлентьева Анастасия;

3 орынды – Математика мамандығының 2 курс студенті Гинолла Тоғжан және ақпараттық жүйелер мамандығының 2 курс студенті Танбергенова Меруерт қанжығаларына байлады.

Алдағы уақытта үздік атанған жеңімпаздардың қатарынан халықаралық интелектуалдық сайыстарға қатысу үшін арнайы топ құру жоспарланып отыр.  Іс-шара соңында барлық қатысушыларға сертификаттар берілді.


PDF