Қостанай облысының танымал журналистері, «Время» республикалық газетінің тілшісі Станислав Киселев және «Бірінші канал Евразия» телеарнасының тілшісі Владимир Крикун «Журналистика» мамандығының студенттерімен кездесіп, оларды «Менің есімде. Өз тарихым.» Атты жаңа медиажобамен таныстырды.
«Менің есімде. Өз тарихым» жобасы – еліміздің қарапайым тұрындарының пікірі бойынша маңызды деп танылатын тарихи оқиғалар туралы естеліктеріден құралған видео-жинақ.
«Бұл циклдың кейіпкерлері әртүрлі қалалар мен елдерде тұрады. Бір-бірін танымайтын тұлғаларды өткен дәуірдің суреттері жақындастырады. Әр қайсысының өткені көз алдымызда, бәрімізге таныс тарихқа айналады»,-дейді Станислав Киселев.
Жоба жетекшілері «Журналистика» мамандығының 2-3 курс студенттерін жобаға қатысуға шақырып, 2019 жылдың сәуір айына журналистік зерттеудің нәтижесімен бөлісетін шеберлік сыныбын жоспарлады. Студенттерге жобаға сәйкес келетін жаңа кейіпкер тауып, онымен сұхбат жүргізу тапсырмасы берілді.